
Қағидалардағы негізгі өзгерістер қосылған құн салығын оңайлатылған қайтару кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуге қатысты болды, бұл сұр схемаларды қолдану нәтижесінде пайда болған қосылған құн салығының асып кетуін қайтару мүмкіндігін жояды.
Жаңа қағидалар Салық кодексінің 136 және 429-баптарына сәйкес әзірленгенін және экспорттаушыларға және салық төлеушілердің басқа санаттарына құн салығын қайтару бойынша бюджетпен өзара қарым-қатынастарды реттейді. Өзгерістер 2022 жылғы 14 сәуірден бастап күшіне енді.
Актіні әзірлеу кезінде бизнес-қауымдастығының ескертулері, ұсыныстары мен ұсынымдары ескерілген. Бұйрық жобасы жария талқылау үшін 2022 жылғы 25 қаңтардан 2022 жылғы 8 ақпанға дейін legalacts.egov.kz сайтқа орналастырылды. Барлық ескертулер мен ұсыныстарға негізделген жауаптар берілді. Тиісінше, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізудің барлық рәсімдері мен мерзімдері сақталған.
Жаңа қағидаларға сәйкес, енді тексерулер барысында өзара байланысты тараптар арқылы жеткізушілермен өзара есеп айырысуларға талдау жүргізілетін болады, бұл сұр схемаларды қолдану нәтижесінде пайда болған құн салығының асып кетуін қайтару мүмкіндігін жояды.
Сондай-ақ тексерулердің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, қағидаларға мәтіндік тұжырымдардың орнына есептеудің математикалық формулалары енгізілді. Формулалар заңнама нормаларын қолданудың біркелкі практикасын енгізуге ықпал етеді және соманы дұрыс анықтамау қаупін және тексерушінің субъективті бағасын жояды.
Бұдан басқа, бұрын қолданыста болған 15 теріс өлшемшарт 12-ге дейін қысқартылды, сондай-ақ адал өндірушілерді қолдауға бағытталған қосымша 12 оң өлшемшарт енгізілді. Сондай-ақ, өлшемшарттарды есептеу тәртібі жетілдірілді, егер бұрын тәуекел фактісі үшін теріс балл берілсе, жаңа қағидалар бойынша баллдар тәуекел ауқымы бойынша беріледі.
Осылайша, жаңа қағидалар оң салық тарихы бар адал өндіруші кәсіпорындарды ынталандыратынына және бизнестің барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға ықпал ететініне сенімді.




























