
Отанымыздың бейбіт өмір әкелген еліміздің әр отбасына қуаныш сыйлаған Ұлы Жеңіс және Еліміздің отан қорағаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Ұлы Отан соғысы жылдары барлық ауыртпалықтарды бастарынан кешкен азаматтардың жігері мен ерліктері біздің есімізде мәнгі сақталады. Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте кастерлі, аса қымбат. Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаhармандықтың символы.
Біздің тәуелсіздік бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Еліміздің шаңырағы биік, ұрпағымыздың болашағы ашық аспанды, бейбіт күнді, шат күлкілі болсын дей отырып, Сіздерге өмірде мықты деңсаулық, ашық аспан, ортақ Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктерге жете беруге тілектеспіз.