
Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық салу мәселелері түсіндіру жұмыстарын күшейту және жұмысты жаңа бастаған кәсіпкерлерге салық салу мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету шеңберінде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Мамандар мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері, ставкалар мен жеңілдіктер, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып, азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арналған «Е - Salyq Business» мобильді қосымшасының жұмысы ,сондай - ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беру, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеу, жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу, оңайлатылған декларацияны тапсыру, кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтату және басқа да мобильді қосымшаның функционалдары көрсетілді.
Жеке тулғаларға арналған «E-salyq Azamat» мобильді қосымша арқылы салық төлеушінің мүлік объектілері туралы өзекті ақпаратты білу, артық төлемдер мен берешектердің болуы туралы, есептелген және төленген салық төлемдерінің сомалары бойынша, онлайн режимінде салықтарды төлеу және басқа да пайдалы қосымшаның мүмкіндтері жеткізілді.
Шара барысында салық төлеушілерге үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданудың артықшылықтары, салық төлеушінің паспорты, «Азаматтық бақылау- түбіртекті талап ет» акциясы, «@SalyqBot» цифрлық салық кеңесшісі және салықтық әкімшілендірудің басқа да жаңалықтары туралы ақпарат берілді.




























