Date of publication: 22.06.2022 17:47
Date of changing: 22.06.2022 17:48

Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері  мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін «E Salyq Azamat», «E-Salyq Business» мобильді қосымшаларын «SalyqBot» чат ботын қолдану бойынша, сондай-ақ салық заңнамасы бойынша сауда үйлерінде жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа цифрлық шешім жеке кәсіпкерлерге  салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді, ол әсіресе жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы.

«E-Salyq Business» кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, қосымша кәсіпкер чектерден кіріс негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептейді. Мобильді қосымшаны пайдаланатын кәсіпкер БKM пайдаланбауға құқығы бар.
 
Сонымен қатар, жаңа салық режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін тапсырудан босатылады.
Пилоттық жобаға тек жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген және патент пен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар ғана қатыса алады.
 
Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтау мақсатында штрих-код (QR-код) түріндегі  тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған «Салық төлеушінің төлқұжаты» енгізілді.
 
 Салық төлеушінің төлқұжаты салық құпиясын ашпайды.
Сонымен қатар салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram-да «@SalyqBot» чат-боты іске қосылды. 
@SalyqBot цифрлық салық кеңесшісін пайдалана отырып, азаматтар салық органына бармау арқылы уақыттарын сақтайды.
Шара барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.