Date of publication: 27.07.2022 17:53
Date of changing: 27.07.2022 21:26

Мемлекеттік бюджетке түсімдер бойынша жоспарлы тапсырма 107,1% - ға орындалды, бюджетке 160,3 млрд.теңге түсті, 10,6 млрд. теңгеге асыра орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,0 миллиард теңгеге артық.

Республикалық бюджетке өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16,7 млрд.теңгеге артып, 92,9 млрд. теңге түсті.

Жергілікті бюджет 114,6% орындалды, жоспар бойынша 58,8 млрд.теңге 67,4 млрд. теңге түсті, 8,6 млрд. теңгеге асыра орындаумен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,5 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің ең көп өсу сомалары корпоративтік табыс салығы бойынша 8,6 млрд.теңгеге, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден импортталатын тауарларға ҚҚС бойынша 3 млрд. теңгеге және ЕАЭО-мен ҚҚС бойынша 3 млрд. теңгеге байқалады.

Жергілікті бюджет бойынша түсімдердің негізгі өсімі төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығына 4,4 млрд.теңгеге, акциздер бойынша 3,7 млрд. теңгеге,әлеуметтік салық бойынша 2 млрд. теңгеге келеді.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде 13,5 млрд. теңге көлемінде қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

Онлайн өзара әрекеттесудің барлық артықшылықтары мен ыңғайлылығын ескере отырып ("E-Salyq Business", "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшаларын әзірледі, "Salyq Bot" іске қосылды, оларды App Store, Play Market және App Gallery қол жетімді), салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырамыз. Сұрақтар туындаған және кеңес алу қажет болған жағдайда бізде салық және кеден заңнамасының кез келген мәселелерін түсіндіру және көмек көрсету бойынша 1414 нөмірі бойынша контак-орталық жұмыс істейді, сондай – ақ біз Instagram-Mkd_aqmol,Facebook,Telegram,YouTube-те бар.