Date of publication: 22.08.2022 17:14
Date of changing: 22.08.2022 17:15

Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті болып салықтардың және кедеңдік төлемдерді төлеудің толықтығы мен уақытылылығы болып табылады.

Салық кодексінің 494-бабы 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалар үшін бюджетке 2021 жылға көлік құралдары салығын төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірден кешіктірілмейтін күн болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылады, егер жеке тұлға автокөлікті сенімхат бойынша басқарса, онда төлем иесінің ЖСН-де ғана жүргізілуі тиіс. Төлеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

Көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын «Е Салык-Азамат» мобильді қосымшада, сондай-ақ Telegram чат ботында «@SalyqBot» және Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан есептей аласыз. 

Құрметті салық төлеушілер, көлік құралдары салығы бойынша берешек сомасын төлемей, сіз қарызыңызды арттырасыз, өйткені әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 20 мың 152 жеке тұлға бойынша 553 млн. теңгені құрады.

      Осыған байланысты, барлық жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы бойынша берешегін төлеуді сұраймыз.