
Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.
Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.
Акция аясында №17 мектептің бірінші сынып оқушысы Тахир Степаненкоға көмек көрсетілді, оған кеңсе тауарлары, спорт киімдері,
джемпер , сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.
Тахирге білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен қуаныш тілейміз! Ақ жол, Тахир!