Date of publication: 21.10.2022 18:58
Date of changing: 21.10.2022 19:00

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің қорытындылары туралы» тақырыбы бойынша брифинг өтті

Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары туралы хабарлады.

Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ағымдағы  жылдың  тоғыз  айының атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетіне 240.7 миллиардтан  астам теңге түсті.
 Өткен жылдың  кезеңімен салыстырғанда 45,8   миллиард теңгеге артық. 
Яғни өсу қарқыны –123,5 пайыз.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 10.9 млрд. теңге қамтамасыз етілді.

Өндірістік емес төлемдер басқармасының  басшысы Назгүл Аюпова бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғалардың тұрғын үй беруі болып табылады деп айтты. 2015 жылдан бастап жеке табыс салығын төлемей тұрғын үй жалдауға беретін жеке тұлғаларды анықтау бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының Ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі ретке келтірілгенін атап өту қажет.

Салық міндеттемелерінің орындалмауы анықталған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдары қолданыстағы заңнамада белгілеген шараларды қолданады.

Толық нұсқасын https://www.instagram.com/p/Cj9t5G0o4Jz/  сілтеме бойынша көруге болады.