Date of publication: 04.11.2022 18:28
Date of changing: 04.11.2022 18:29

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Камералдық мониторинг басқармасының  бас маманы Майра Рахметованы шығарып салу рәсімі өтті.

Майра Бабырқызы 1990 жылдан бастап салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.

Өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетті.

Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Құрметті Майра Бабырқызы!

Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы