
SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өте пайдалы мүмкіндіктері бар цифрлық салық кеңесшісі:
пайдаланушыға салық берешегінің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты лезде беруге мүмкіндік береді;
салық төлеушілерге көлік құралдары салығын және өсімпұлды дербес есептеуге көмектеседі;
қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
жеке немесе заңды тұлғаның пайдаланушысының қызығушылығына қарай пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды жіберуге қабілетті;
пайдаланушыларды ағымдағы тақырыптар мен МКК-не қатысты мәселелер бойынша бейне оқулықтармен және бейне нұсқаулықтармен таныстыру;
заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
•SalyqBot-қа өту үшін екінші беттегі QR-ды сканерлеңіз немесе https://t.me/SalyqBot сілтемесіне өтіңіз




























