Date of publication: 01.12.2022 11:45
Date of changing: 01.12.2022 17:54

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес, халықтың жұмыспен қамтылуына көмек көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді орындауға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушіде жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлем, Мемлекеттік шекарадан өтуі туралы белгі бойынша, таңдап алған мамандығы негізінде жұмыс істеуіне кедергі келтіретін ауруларының жоқ екенін растайтын шетелдіктің медициналық куәландыруы туралы проблемалық мәселелер орын алуда. 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2022 жылғы 30 қараша күні өңірлер әкімдері аппараттарының, аудандар, Көкшетау, Қосшы және Степногорск қалалары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін түсіндіру бойынша кеңес өткізілетін болады (ZOOM арқылы).  

          Шараға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина қатысып, резидент емес еңбек иммигранттарының салық салу ережелерін түсіндірді.