Date of publication: 17.11.2016 09:54
Date of changing: 17.11.2016 09:55

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов арнайы жұмыс сапарымен Целиноград ауданда болып қайтты.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков және Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасеновпен министр Мемлекеттік кірістер басқармасы мен қазынашылық басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.

Өз кезегінде басқарма төрағалары Анаш Жантеміров пен  Рүстем Қажыбаев министрге жұмыстар жөнінен ақпарат берді.

          2016 жылғы 10 ай қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджеттің жоспары 109,2 % орындалды, жоспар 4 млрд. 113 млн. теңгені құрап, нақты 4 млрд. 493 млн. теңге түсті.

Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 414 млн. 325 теңге артып түсті, түсімінің өсу қарқыны 110,2 % құрады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған ұлттық қадам жоспарын аймақ әкімдері қатысуымен өткен қорытынды отырысында егжей-тегжей  талқылады.

Бахыт Султанов айтуы бойынша - Бюджеттің орындалуы орнықты, теңдестіріліп келеді. Ондай жағдай бюджеттік бағдарламалардың, әлеуметтік міндеттердің қандай да бір қиындықсыз қаржыландырылуын қамтамассыз етеді. «Нұрлы жол», «бизнес жол картасы», «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларының орындалуы келесі жылы да өз нәтижелерін беруі тиісті. Ол біздің экономиканы түсетін сырт күштердің соққысынан қорғайды.