Date of publication: 30.01.2023 16:02
Date of changing: 30.01.2023 16:04

2022 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Бұл қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айында банкроттық туралы арыз бере алады деген сөз.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, рәсімдердің 3 түрін енгізу ұсынылды (соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру).

Барлық үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

 Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

 Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

 Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.

 Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса;
  2. өтініш берген күннен бастап қатарынан 12–ай ішінде міндеттемелері өтелмеуі тиіс;
  3. мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік жоқ болуы;
  4. банкпен берешектер бойынша жұмыс жүргізу;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмау қажет.

Сонымен қатар, Заң жобасымен:

  • 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін;
  • 5 жылдан астам уақыт қарызы өтелмеген азаматтар үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

 Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

Борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішіне қоса беріледі: 1) кредиторлардың атауы, берешек сомасы, орналасқан жері

2) борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі.