
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына жиырма Мемлекеттік кірістер басқармаларының арасында байқау өткізді.
Байқау қорытындысы бойынша «Кызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері»:
Исимбаева Мейрамгүл Қартайқызы – Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы. Мемлекеттік кірістер органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Функционалдық міндеттерге мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары кіреді. Мейрамгүл Қартайқызы өзін сауатты маман, жауапты, мақсатты, адал қызметкер ретінде көрсетті. Лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Ұжымда әріптестер арасында беделге ие.