
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ZOOM бағдарламасы арқылы аудандық, қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлеріне «Мобилография және SMM қолдау бойынша әдістемелік көмек» тақырыбында көкшетаулық тәжірибелі мобилограф Данияр Төреханов қатысуымен семинар өтті.
Жасыратыны жоқ, бүгінде әлеуметтік желілер біздің өміріміздің бөлігіне айналып, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынас процесін жеңіл және тиімді етіп, мемлекеттік органдардың ашықтығын қанағаттандырады.
Бұл туралы семинарда айтылды
Баяндамашы түсіру, монтаждау, бейне файлдарды өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу бойынша пайдалы кейстар көрсетті.
Шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.