Date of publication: 28.12.2016 12:33
Date of changing: 28.12.2016 15:49

Мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын-ала хабарлайды. Өзгертулер тек ұйымдарға қатысты және 2017 жылдың 1 сәуірінде күшіне енеді. Жеке тұлғалармен жекеше қолдануға арналған әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сонымен қатар,  халықаралық пошталық жөнелтілімдерден жіберілетін тауарларға қатысты алдын-ала ақпарттандыру ұсыну қажет емес.

Кедендік операциялар уақытын және сыртқы экономикалық қызмет қатысушылардың шығынын қысқарту негізінде кедендік бақылау формалары мен әдістері тұрақты түрде жетілдіру үдерісі және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жүргізіледі.

Еуразия экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 1 желтоқсанның №158 шешімі "Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын-ала ақпаратты енгізу туралы" 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы ақпараттандыру міндетті болады.

Алдын-ала ақпаратты өзіне әуе кемесі мен ұшу бағыты мәліметтерін қоса, сонымен қатар әкелінетін тауар туралы мәліметтерді тауарлардың кету орны Еуразия-экономикалық одағының мүше-мемлекетінің шекарасында орналасқан кедендік органына жіберу міндетті болады.

Алдын-ала ақпаратты ұсыну Еуразия экономикалық одағы мүше-мемлекеті кеден органдарының ақпараттық жүйесі және мүдделі тұлғалардың ақпараттық жүйелері немесе Еуразия экономикалық одағының мүше-мемлекеті кеден органдарының электронды ақпарат ұсыну порталдары арқылы өзара әрекеттесу жолымен жүзеге асырылады.