Date of publication: 20.07.2023 06:34
Date of changing: 20.07.2023 06:44

 Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы  жылғы  бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік бюджетке 373 млрд. теңге түсті өткен жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда   232,8 % - ға немесе 212,9 млрд. теңгеге өсім байқалады.Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 20,2 млрд. теңге астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 6,1 млрд. теңге, қамералдық бақылау - 5,6 млрд. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 3,1 млрд. теңге,  салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 1,1 млрд. теңге, кедендік әкімшілендіру – 275 млн. теңге,  ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 177 млн. теңге, салық берешегін өндіріп алу – 2,8 млрд. теңге.  Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 7 565 тауар декларациясы ресімделген, оның ішінде декларациялардың 73% жасыл дәлізде яғни лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Жыл басынан бастап 337  мың 174 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,7 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.