
Өтіп бара жатқан жылдың соңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жақсы игі дәстүр бойынша Зеренді ауданының Қызыл таң аулының мектебіне жаңа жылдық сапармен барды.
Бұл жолы қамқоршылар алма, мандарин, тәтті тағамдармен бірге мектептің компьютерлік сыныпқа компьютерлік техникасының жиынтығын әкелді.
Біз мектепке компьютерлер жабдықтарымен көмек көрсетудеміз. Біздің мақсатымыз осы мектеп оқушылары өздерінің қала құрбы-құрдастарынан қалыс қалдырмау – дейді бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлан Хасенов - қазіргі өмір заманында ақпараттық жүйелер мен компьютерлік бағдарламаларды білуі өте қажет.
Акмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев балаларға жаңа жылда оқуда табыстар, спорттық және тағы басқа жетістіктерді тіледі.
Атап айтсақ ауыл мектебінде өзін іске асыруға барлық жағдайлар жасалғаның атап өткен жөн: би студиясы, халық инструменттерінің оркестрі, бокс, шахмат, «тоғыз құмалақ» халықтық ойынының, волейболдың және спорттын басқа да түрлерінің үйірмелері бар. «Биші Қайың» мектеп би ансамблінің қатысушылары мәдени алмасу шеңберінде Түркияда өз көрсетулерімен болып қайтты.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Саңдықтау балалар үйінің тәрбиелеушілеріне барып, келе жатқан Жаңа 2017 жыл мерекесімен құттытап, өздерінің сыйлықтарын табыс етті.
Шара барысында жасыл шыршаның айналасында балалар ертегілер кейіпкерлері мен би, ән шырқап, ойындар ойнады.
Мереке соңында балалар алған сыйлықтар мен бірге естелік фотосуретке түсті.