Date of publication: 17.08.2023 18:01
Date of changing: 17.08.2023 18:02
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында есепшілер мен консалтингтік компания өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің бөлім басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген ҚҚС-ты әкімшілендіруінде, платформа арқылы жұмысқа қамтуында, тауарлардың электронды саудасында өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар шара барысында әлеуметтік кодекс мәселелері, бөлшек сауда салығы арнайы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар, тауарларға ілеспе шот-фактураларды беру, электронды шот-фактуралар бойынша және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды.
 
 
 
 
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
 Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.
«Riza Company» ЖШС консалтингтік компаниясының басшысы Ризагүл Галадий атап өткендей, мұндай кездесулер өте пайдалы, өйткені салық заңнамасында көптеген жаңалықтар бар және қойылған сұрақтарға бірден жауап алуға болады.