Date of publication: 23.08.2023 15:26
Date of changing: 23.08.2023 15:27

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында есепшілер мен консалтингтік компания өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің бөлім басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылдың 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген ҚҚС-ты әкімшілендіруінде, платформа арқылы жұмысқа қамтуында, тауарлардың электронды саудасында өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар шара барысында әлеуметтік кодекс мәселелері, бөлшек сауда салығы арнайы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар, тауарларға ілеспе шот-фактураларды беру, электронды шот-фактуралар бойынша және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.
«Info_kokshe» ақпараттық порталының басшысы Марал Кенжахимова атап өткендей, мұндай кездесулер өте пайдалы, өйткені салық заңнамасында көптеген жаңалықтар бар және қойылған сұрақтарға бірден жауап алуға болады.
Кәсіпкерлер осындай кездесулерді жиі өткізіп тұруды керектігін айтты.