Date of publication: 13.09.2023 17:13
Date of changing: 13.09.2023 17:15

ҚР Салық кодексінің 413-бабына сәйкес электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) қоса алғанда, шот-фактураларды жазып беру мерзімдері белгіленген. Стандартты жағдайда бұл мерзім өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап 15 күнтізбелік күнді құрайды.

 Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл мерзім басқаша болуы мүмкін:

  электр, жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және т.б. өткізу кезінде шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі;

  тауарларды экспорттау кезінде ЭШФ айналым жасалған күннен кейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жазып беріледі;

 есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;

  сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей.