Date of publication: 25.09.2023 16:15
Date of changing: 25.09.2023 16:16

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де «Атамекен» облыстық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік субъектілері және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен оларды көрсету үшін жасалған жағдайлар туралы сауалнама жүргізе отырып «Есептің бірыңғай күні» іс-шарасы өтетіні туралы хабарлайды.
Есептің бірыңғай күнін өткізу кәсіпкерлердің тұрақты, қауіпсіз қызметін жүзеге асыруы үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіпкерлік субъектілерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға ынталандыруға ықпал етеді.
Өтетін орны: Көкшетау қ., Абай қөшесі, 96 «Green Which» бизнес орталығы, 8-қабат.