Date of publication: 29.09.2023 17:58
Date of changing: 29.09.2023 18:04

 «Бірыңғай есеп күні» Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында өткізілді.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова, облыс прокурорының орынбасары Жандос Бердіқұлов, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өкілдері, облыстық бақылау және қадағалау органдарының, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары және аудан, қала әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
 Мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қорытындылары, заң бұзушылықтардың алдын алу туралы айттып берді.
 «Бірыңғай есеп күні» мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін реформалауды жүзеге асыру шеңберінде бұзушылықтардың жүйелі профилактикасын дамытуға, міндетті заң талаптарын сақтауға, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. 
Сонымен қатар, бұл кездесу  бизнес қауымдастығымен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Шара барысында бейнеконференц байланыс арқылы қатысқан облыс кәсіпкерлердің сұрақтарына сауатты жауаптар берілді.