
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл Кәрімов Батырхан Мақсатұлы тұрақты негізінде әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, ұжымда оң моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларында заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялар өткізеді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Әдеп жөніндегі уәкілге консультация алу үшін мүдделер қақтығысы немесе этикалық сипаттағы басқа да мәселелер туындаған жағдайда, сондай-ақ облыстың мемлекеттік кірістер органдары мамандарының заңсыз әрекеттері кезінде Мемлекеттік кірістер органдарымен (салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) байланыста болған әрбір азамат жүгіне алады.
Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын бейсенбі және жұма күндері мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 21а, №310 кабинет, алдын ала жазылу бойынша: 8 (7162) 72-24-28.