
В целях
Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдар мен қарапайым бұқараның арасындағы алтын көпір іспетті. Сондықтан да екі жақты жұмыстың одан әрі нәтижелі болуы үшін атқарылар жұмыстың ауқымы да кең. Осыған орай мемлекеттік кірістер
басқармаларының қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау мәселелеріне арналған ZOOM бағдарламасы арқылы оқыту семинары өтті. Баяндамашы ретінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Нұрлан Ысқақов күнделікті кәсіби қызметте туындайтын өзекті мәселелермен таңыстырды.
Шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау үшін ақпарат дайындау жөніндегі мемлекеттік кірістер органдарының регламенті мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру, қоғамды ақпараттандыруға жүйелі тәсілдер орнату, бұқаралық ақпарат құралдарына өз мерзімінде және сапалы ақпарат беру тәртібін жетілдіру, мемлекеттік кірістер органдарының қызметі саласына қатысты мәселелер бойынша жарияланымдарға жауап беру тәртібін белгілеу мақсатында әзірленгені туралы айтылды.
Семинар барысында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылдың ақпараттық белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қызметінің жұмысындағы басты қағидаттар, түрлі акциялар мен іс-шараларды өткізу кезінде қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажеттігі жайында қызу талқыланды.