Date of publication: 26.10.2023 16:31
Date of changing: 26.10.2023 16:32

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Парасат» орденімен
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин марапатталды.
«Парасат» орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.