Date of publication: 27.10.2023 17:25
Date of changing: 27.10.2023 17:27
Түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бейнероликтер байқауын өткізді. Бейне тақырыпқа, техникалық және басқа сипаттамаларға сәйкес келуі керек еді. Байқауға аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша келесі номинациялар 
 «Сандық сервистерді үздік танымал ету»– Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,
«Креативтік және шығармашылық тәсіл» - Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,
«Үздік актерлік шешім» - Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,
«Үздік операторлық жұмыс» - Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,
«Үздік иллюстрациялық бейнеролик» - Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы марапатталды.
Барлық бейнероликтер әлеуметтік желілерде және БАҚ-та жарияланған.