Date of publication: 31.10.2023 17:42
Date of changing: 31.10.2023 17:43

Ақмола облыстық сотында соттардың халықаралық құқық пен кеден заңнамасын қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинарға Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сәйкес ЕАЭО Сотының актілерін ЕАЭО қолдануына байланысты дауларды шешу кезінде соттар назарға алуы тиіс. ЕАЭО туралы шартқа сәйкестігі ЕАЭО Сотында қарастырылады.