Date of publication: 06.11.2023 16:13
Date of changing: 06.11.2023 16:14

Банкроттық туралы заңнамаға енгізілуге жоспарланған өзгерістермен ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясы барысында бөлісті.

Жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін кеңінен қолдана алмай отыр (кредитормен қарызды алдын-ала реттеу міндеттілігі, шетелге шығуға тыйым және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі кезінде ұзақ уақытқа төлем мерзімінің өтуіне байланысты). Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың дерекқорларындағы мәліметтердің өзектілігінің болмауына байланысты (дерекқорлардағы мәліметтердің толықтығы мен «тазалығы» үшін жауапты олардың иелері – мемлекеттік органдар болады) қолдана алмау фактілері де бар.

Осыған байланысты бүгінгі таңда заңнамалық өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  • соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту (сондай-ақ уәкілетті органның лицензияларынан айырылған, оның ішінде таратылған қаржы ұйымдарының міндеттемелерін қосу);
  • азаматтарды соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттарды қоса беру міндетінен босату (қажетті мәліметтерді тиісті ұйымдардың дерекқорынан алу жоспарлануда);