
30 жыл бұрын қазақтың ұлттық валютасы теңге айналымға шыққанда көңіліміз таудың төріне барып қонғандай күйді кешкенімізді әлі күнге дейін ұмытқан жоқпыз. Теңге ел тәуелсіздігінің экономикалық негізі болды. 15 қараша Қазақстанның ұлттық валютасы күні және қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі боп атанды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ведомстволық мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.
Ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 505,9 млрд.теңге түсті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244,4 миллиард теңгеге артық.
Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.
Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Батырхан Кәрімов, Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Абдрахманов марапатталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрмет грамотасына Аудит басқармасының бас маманы Беслан Албаков, Кедендік бақылау бөлімінің бас маманы Қайрат Исимбаев, Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Азамат Жалкенов ие болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғысымен «Көкшетау кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы Диляра Есова, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Гульнар Каирова, Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Нұргүл Жұманалина марапатталды.
«Тенгеге 30 жыл» мерекелік медалімен Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова, Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқрамасы бөлімінің басшысы Сәуле Гумарова, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқрамасы бөлімінің басшысы Мұратбек Жүнісов, Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Серік Қойшыбаев, Сандықтау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Марат Кукетаев марапатталды.
Әкім облысының Алғыс хатымен заң басқармасының басшысы Булат Абетов, Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Акмарал Жакенева, Жарқайын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Алена Рогачёва марапатталды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!
Мереке құтты болсын!