Date of publication: 16.11.2023 17:56
Date of changing: 16.11.2023 17:58

Көкшетауда  Шоқан Уәлиханов атындағы университетінде отандық және шетелдік ғалымдардың сондай-ақ Ақмола облысының қаржы және банк ұйымдарының басшылары  қатысуымен «Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығына арналған  Қазақстан Республикасының қаржы-банк жүйесінің жағдайы мен мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның негізгі бағыттары «Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудің экономикалық және қаржылық аспектілері»,
«Қазақстанның ұлттық валютасы – мемлекеттік тәуелсіздіктің нышаны».
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Шынар Мусина департаменттің ағымдағы жылдың 10 айында атқарған қызметінің қорытындыларына тоқталып және қатысушылдарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады.
Шара барысында алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдар табыс етілді.