Date of publication: 17.11.2023 18:40
Date of changing: 17.11.2023 18:41
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау мақсатында есепшілер мен салық кеңесшілерінің
қатысуымен семинар өтті.
Департаменттің талдау және тәуекелдер  басқармасы бөлімінің басшысы Гулжан Мұрзабекова тәуекелдерді басқару жүйесін және салық төлеушілерді санаттау  негізгі критерийлермен таныстырды.
ЕАЭО аясындағы жанама салықтар және ҚҚС басқармасының қызметкерлері Арман Аяшев пен Анжелика Толгурова тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ)  рәсімдеу бойынша ақпаратты жеткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
 Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылдың қолданысқа енгізілген платформа арқылы жұмысқа қамтуында, тауарлардың электронды саудасында өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар шара барысында бөлшек сауда салығы арнайы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды.

       ТІЖ электрондық нысанда рәсімделеді және өнім беруші, алушы Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ұсынады:

       - виртуалды қойманы (ВҚ) қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері және тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын тауарлар бойынша (СЭҚ ТН-тоңазытқыштар, мұздатқыштар 11 коды);

       - ВҚ-ны қолданбай ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету (барлық тауарлар) бойынша.

        Осылайша, Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде ТІЖ-ды міндетті түрде ресімдеу тек 3 тауар санаты бойынша көзделген. Қалған тауарлар бойынша ерікті негізде жүзеге асырылады.

        ТІЖ–ды алушы кез келген көлік түрі арқылы – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, көлікті пайдаланбай-10 (он) күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу (тасымалдау) кезінде растайды не қабылдамайды.

        ТІЖ тауардың айналымын бақылау қамтамасыз етілетін тауардың тасымалдануы мен өткізілуін сүйемелдейтін құжат.

        ТІЖ растау алдында тауарды алушы ТІЖ-де көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырып тексеруі, содан кейін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы көрсетілген мәліметтердің сәйкестігін растауы тиіс.

Растау алдында ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, мұндай ТІЖ-ды қабылдамау керек.

Шара сұрақ-жауап форматында өтті және слайдтар көрсетілді.