
Астанада «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысын» марапаттау рәсімі өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне орай Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараның мақсаты –салықтарды ерікті және уақтылы төлеу, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту және кәсіпкерлік қызмет субъектілерін моральдық ынталандыру.
Лауреаттарды іріктеу критерийлері – бюджетке салықтар мен әлеуметтік төлемдердің түсуі, салық берешегінің болмауы, демеушілік және қайырымдылық қызметі, салық есептілігін уақтылы ұсыну және т. б.
Байқау қорытындысы бойынша «Atbasar grain» ЖШС жылдың «жалпы белгіленген салық салу режимі - өңдеу өнеркәсібі» «Үздік салық төлеуші» атағына ие болды.Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Бизнестің одан әрі дамуы мен өркендеуін тілейміз!