
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға: - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы тиіс.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны Халық банкінің мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.