
Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Тұяқов Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы, оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында Бауыржан Орынбайұлы Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға, қызметтік және қызметтен тыс уақытта жеке тәртіпке назар аударуға, кішіпейіл болуға, халықтың сұраныстарына толық бағдарлануға, өз міндеттерін заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді орындауға шақырды.
Қатысушылармен сындарлы диалог құрылып, қызметкерлерді толғандыратын мәселелер тыңдалды және сұрақтарды шешу бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілі Бурабай және Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының ұжымдарымен кездесті.