
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, есепті жылдың салық кезеңінен кейінгі 31 наурызынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша мүлік және жеке табыс салығы бойынша декларацияны (230.00-нысан) салық органына ұсыну қажеттігін еске салады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңымен және ҚР Конституциялық заңға сәйкес декларацияны ҚР Парламент депутаттары, соттары, декларацияны табыс ету бойынша міндет жүктелгендіктерге сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары және мүлкі туралы декларацияны ұсынады.
Декларацияны табыс ету кезінде:
- өзі келу тәртібімен қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
- хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта почта арқылы - салық төлеуші почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарлама алады;
- электрондық түрде – салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесімен салық төлеуші қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы декларацияны хабарлама алады.
Салық есептілігін электрондық түрде тапсыру артықшылығы – ол мемлекеттік кірістер органына келмей-ақ, салық есебін тапсыру мүмкіндігі және оның қабылдау туралы хабарлама (анықтама) алу, салық төлеуші үшін кез келген уақытта салық есептілігін ұсыну, соның ішінде мереке және демалыс күндерінде, сондай-ақ салық есептілігі мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету. Салық есептілігін электрондық түрде тапсырылған кезде - салық есептілігін қағаз жүзінде тапсыру қайталануын қажет етілмейді.
Мемлекеттік кірістердің комитеті «kgd.gov.kz» ресми сайттында, «Электрондық сервистер» бөлімде, «Ақпараттық қорлар» бөлімшеде «Салық төлеуші кабинеті» (немесе тіке сілтеме «cabinet.salyk.kz») қойындысы орналасқан, ол арқылы пайдаланушыға толық нұсқаулықтар, бейнероликтер мен ұсынымдарды сүйемелдеумен электрондық түрде декларацияны табыс ету үшін компьютерді теңшеу мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «Ақпараттық қорлар» бөлiмде, «Салық есептілігі нысандары» бөлімшеде, «СЕН 2015-2016 жыл» және «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы» қосымша беттен 230.00-нысаның декларациясы орналасқан және Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (ҚР Қаржы Министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 324 бұйрығы бекітілген).
Барлық мемлекеттік қызметкерлерге кеңес береміз:
- декларация толтыруына дайындау кезінде, жылжымайтын және жылжымалы мүлік бойынша деректерді растау үшін тиісті уәкілетті органдарына баруға (Халыққа қызмет көрсету орталығы, жол полиция органдары және тағы басқа);
- декларацияны соңғы күндеріне қалдырмай дер кезінде және оны электрондық түрде тапсыруға қажет.
Қосымша хабарлаймыз,деклацияны уақытында тапсырмағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.