
Желтоқсанға арналған салықтық күнтізбесі
15 желтоқсан
Акциз бойынша декларация - 400.00.
Табыс ету мерзімі:
есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей (СК 478-б. 2-т.).
Құрылымдық бөлімшелері немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз бойынша есеп-қисаптар - 421.00.
Табыс ету мерзімі:
есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей (СК 478-б. 2,3-т.).
Төлем мерзімі:
есепті салықтық кезеңнен кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей (СК 475-б. 1-т.).
20 желтоқсан
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш - 328.00.
Табыс ету мерзімі:
салық кезеңінен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей (СК 456-б. 2-т.).
Төлем мерзімі:
салық кезеңінен кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей (СК 456-б. 5-т.).
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация - 870.00.
Табыс ету мерзімі:
1) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдын 15 күнінен кешіктірмей; (СК 579-б. 2-т.);
2) есепті жылдың 20 наурызынан кешіктірмей- жылдық сомалар көлемі 100 айлық есептік көрсеткіші төлем көлемі; (СК 579-б. 3-т.);
3) 20 наурыздан кейін рұқсат құжатын алғанда- рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдын 20 күнінен кешіктірмей (СК 579-б. 3-т.).
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ағымдағы төлемдердің сомалар есебі - 851.00.
Табыс ету мерзімі:
1) есепті салық кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей; (СК 565-б.2-т.);
2) 20 ақпаннан кейін жалға беру келісімі болса- келісімге отырған айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей; (СК 565-б.3-т.);
3) келісімнің мерзімі аяқталған (бұзу) күннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей (СК 565-б., 4-т.).
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация - 870.00.
Төлем мерзімі:
1) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей; (СК 577-б. 5-т.);
2) есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей - нормативті сатып алған жағдайда; (СК 577-б. 3-т.);
3) рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей (СК 577-б. 3-т.).
25 желтоқсан
Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі - 101.02.
Төлем мерзімі:
әрбір айдың 25-інен кешiктiрмей (СК 306-б. 2-т.).
Декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебі - 101.01.
Төлем мерзімі:
ағымдық әр айдың 25 күнінен кешіктірмей (СК 306-б. 2-т.).
Резидент табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративті табыс салығы бойынша есебі - 101.03.
Табыс ету мерзімі:
төлем жүзеге асырылғаннан кейін ай аяқталғаннан кейін 25 күнтізбелік күндерден кешіктірмей (СК 311-б. 1-т.).
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларация - 200.00.
Төлем мерзімі:
ЖТС – төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей (СК 351. 3-т.)
ӘС – салық кезеңінен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей (СК 487-б 1-т)
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ағымдағы төлемдердің сомалар есебі - 851.00.
Төлем мерзімі:
1) 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қарашадан кешіктірмей (СК 564-б. 4-т.);
2) жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей (СК 564-б. 5-т.);
3) келісімнің мерзімі аяқталған (бұзу) айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей (СК 564-б. 6-т.).