
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Zoom бейнеконференциясы арқылы облыстың агроөнеркәсіптік кешені өкілдеріне жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін түсіндіру бойынша вебинар өткізді.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталады, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны: - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажеттігі туралы Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова жеткізді.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyk Azamat, e-Gov mobile және Халық банкінің мобильді қосымшасы арқылы.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті, қойылған сұрақтардың барлығына толық жауаптар берілді.