
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден өкілдерімен және декларанттармен семинар өтті.
Тарифтік реттеу және кедендік құн бөлімінің басшысы Айнагүл Әбетова жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша әкелінетін тауарларды декларациялау кезінде кедендік баж мөлшерлемелерін және әкелу кедендік баждарын қолдану мәселелеріне тоқталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік қойманың кедендік рәсімінің қолданылу мерзімінің сақталуына мониторинг пен талдау жүргізді, бұл туралы Кедендік бақылау бөлімінің басшысы Қайрат Исімбаев мәлім етті.
«Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Абай Шәйкенов тауарларға арналған декларацияда түзетулер енгізу туралы хабарламаларды тапсыру туралы ақпаратты назарға ұсынды.
Шара барысында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Соңында Кедендік бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Амриев семинарға қатысқандары үшін алғысын білдіріп, жұмыста жаңа табыстар тіледі.