
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Кәсіпкерлер палатасының Жаппай түсіндіру жұмыстар жоспардың шеңберінде апта сайын, әр сәрсенбіде Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік филиалдарында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы және салық заңнамасының Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін түсіндіру бойынша ашық есік күндері өткізуде.
Олардың барысында Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлері салық заңнамасындағы негізгі өзгерістерді түсіндіреді сондай-ақ салық заңнамасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, арнаулы салық режимінде (бөлшек сауда салығына), электрондық шот-фактуралары бойынша басқа да өзгерістермен таныстырды.
Кәсіпкерлер жиі қызығушылық білдіретін сұрағы– Жалпыға бірдей декларациялау тақырыбы.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:
- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ e-Salyq Аzamat, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.