Date of publication: 28.05.2024 18:05
Date of changing: 28.05.2024 18:06

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шоқана Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттің білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу аясында «НААР» аккредиттеу және рейтингтік тәуелсіз агенттігінің сарапшылық тобының мүшелерімен кездесуге қатысты.

Шара барысында білім сапасы, оқу үдерісін жетілдіру, заманауи еңбек нарығының талаптарына сай мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Кадрларды дайындаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін факторлардың бірі университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл екені атап өтілді.