
30 мамырда Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» бірыңғай акциясы өтті,
Жобаның мақсаты – азаматтардың, әсіресе халықтың осал топтарына: аз қамтылғандарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, шағын және орта бизнес өкілдері, студенттер және басқа да көптеген азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.
Акция барысында Ақмола өңір тұрғындары мен қонақтары 250-ден астам адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаматтарға салық және кеден саласында кеңес берді.
Бұл жоба шынымен де Қазақстанда жалпыхалықтық сипатқа және жалпыұлттық, мемлекеттік мәнге ие болды.
«Халық заңгері» құқықтық демократиялық мемлекетіміздің, ортақ үйіміздің дамуына үлес қосып келеді. Мұнда заңның үстемдігі, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтау абсолютті басымдыққа айналуға тиіс.