Date of publication: 01.06.2024 19:22
Date of changing: 01.06.2024 19:24

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) Департамент басшылығы атынан жалған алаяқтық хабарламалардың жиілегенін хабарлайды.
Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, электрондық пошта, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жіберетініне назар аударамыз.
Осыған байланысты, Департамент азаматтар мен кәсіпкерлерге аса қырағылық танытуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын Департаменттің немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге кеңес береді.
Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және Департаменттің ресми сайтында немесе @mkd_aqmol Instagram аккаунтында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз.