Date of publication: 06.06.2024 16:43
Date of changing: 06.06.2024 16:47

 Бүгінгі күнде Қытай резидентінің резиденттігін растайтын құжатты заңдастыру рәсімі жеңілдетілді.

       2023 жылға 7 қарашаға дейін Қытай резидентінің резиденттік сертификаттары 4 кезеңнен тұратын күрделі және уақытты қажет ететін заңдастыру процесінен өтетін:

  1. Нотариустың куәландыруы (аудармамен бірге);
  2. Нотариусытың қолы мен мөрін ҚХР Әділет министрлігі куәландыруы:
  3. ҚХР СІМ консулдық департаментінің куәландыруы;
  4. Кейіннен KHP-дегі ҚР консулдық өкілдіктерінде куәландыру.

      Сонымен қатар, 2023 жылдың 8 наурызда Қытай Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын алып тастайтын 05.10.1961 ж. Гаага конвенциясына қосылды.

      Конвенция 2023 жылдың 7 қарашасынан бастап күшіне енді, осыған байланысты осы күннен бастап Қытай резидентінің резиденциясының сертификаттары апостиль қою арқылы оңайлатылған тәртіппен заңдастырылуы мүмкін.

     Осыған байланысты, Қытай тұрғындары өздерінің резиденциясын растай отырып, апостиль қою арқылы жеңілдетілген тәртіппен заңдастырылған резиденттік сертификатын   алады.