
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тақырыптық тексеру барысында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 б. 1-тармағы бойынша лицензиясыз алкоголь өнімін сату заң бұзушылықты анықтады.
Материал аудандық сотқа тапсыру үшін дайындалуда. Жалпы сомасы 411 мың 280 теңгені құрайтын 614 бөтелке алкогольдік өнімдер тәркіленді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз сақтауға және өткізуге тыйым салынғаны туралы ескертеді.
Осыған байланысты, алкоголь өнімдерін өндіруші және сатумен айналысатын субъектілер өз қызметін жүзеге асыру кезінде Заң талаптарын сақтауға міндетті.
Алкогольді бөлшек және көтерме саудада сатуға лицензия алу керек.