Date of publication: 10.06.2024 17:27
Date of changing: 10.06.2024 17:28

Құрметті салық төлеушілер Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 553-бабының 4-тармағында N3 санатты механикалық көлік құралдарын (ершікті тартқыштар) бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымдарының ставкалары көзделген

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы NO165-VII ҚРЗ Заңымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы no 121-VI ҚРЗ Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді атап айтқанда, Салық кодексінің 57-11-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі бар төлеушілер тіркейтін шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жасқа дейінгі N3 (ершікті тартқыштар) санатындағы көлік құралдарына, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелеріне қатысты Салық кодексінің 553-бабының 4-тармағында белгіленген қолданылмайды.

 Бұл талаптар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

"Автомобиль көлігі туралы" Заңның 45-бабының 3-тармағына сәйкес жүктерді халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және уәкілетті орган беретін автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы негізінде жүзеге асырылады.