
Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі» тақырыбында брифинг өтті.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі басталды, оның шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны: - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары; - жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары ұсынуы кажет.
Ақмола облысында осындай адамдардың саны 93 мыңнан асады. 2024 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) 43 мың жеке тұлға ұсынғаны туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өңдірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Назгүл Аюпова жеткізді.
Декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылады (250.00-нысан).
Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады (270.00-нысан).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде - "салық төлеуші кабинеті" Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкіметтің" порталы (egov.kz), сондай-ақ «Е-Salyk Azamat», «e-Gov mobile». мобильді қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны екініші денғейдегі (Каспи, Халық және тағы басқа) банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Салық төлеуші Декларацияны толтырмас бұрын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарына өз бетінше кіріп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларацияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады.
Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында Байланыс орталығы іске қосылды.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.
Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсембі күндері департамент сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізеді. Идентификаторының нөмірі департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
Серверлерге жоғары жүктемені қылдырмау үшін салық декларацияны алдын ала тапсыруға кеңес береміз.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді