Date of publication: 25.06.2024 14:54
Date of changing: 25.06.2024 14:55

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының құрамындағы жұмыс тобы жедел уәкілі полиция майоры Бекзат Назарова Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Әсет Болатпен бірлесіп Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының (ZOOM арқылы) қызметкерлері үшін алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы алдын алу іс-шарасын өткізді. Полиция қызметкерлері кездесуге қатысушыларға киберқылмысқа, оның ішінде телефон және интернет – алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ҚР ІІМ-нің 2024-2025 жылдарға арналған өзекті іс-шаралар жоспарын ұсынды, бейнероликтер көрсетілді және брошюралар таратылды. Жоспардың мақсаты мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қатысуымен профилактикалық және жедел жұмысты жандандыру арқылы интернет - алаяқтықтардың алдын алу, ашу және тергеу болып табылады. Шара барысында интернет-алаяқтықтың алдын алудың негізгі шаралары түсіндірілді. Қызметкерлерге алаяқтық әрекеттерге тап болған кезде егжей-тегжейлі әрекет алгоритмі таныстырылды.