
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы заңының 19 бабына 3 тармағына және 26 бабына 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өнімдері базалары және автожанармай құю станциялары (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін айдау мен тасымалдау және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүргізу міндетті түрде мұнай өнімдерін өткізуесепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылады.
ҚР ӘҚБК-нің 281 б. 5 т. 8 т. сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарыда айтылған негізінде, мұнай өнімдері базалары және автожанармай құю станцияларының өндірістік объектілерінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін есепке алатын бақылау аспаптарын орналастыру және қосу қажет.