Date of publication: 02.03.2017 18:44
Date of changing: 02.03.2017 18:45

Көкшетау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумға қатысушылар қазіргі қоғамның ең басты проблемаларының бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әдістерін талқылады.

Форумның мақсаты – азаматтардың, бизнес-құрылымдардың құқықтарымен заңды мүдделерін  сыбайлас жемқорлық көріністерінен  қорғаудағы азаматтық қоғам мен БАҚ-тың рөлін азаматтық қоғамның ықпалын күшейту арқылы  арттыру.

 Форумның жұмысына қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, аймақтық әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов,  «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігі,  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері,  және т.б. қатысты.

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов өз сөзінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесімен таныстырды.

Ақмола облысының 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру негізгі бағыттарымен аймақ әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов таңыстырды.

    Аймақта сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты  анықтау бойынша сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің азайту, бизнес және халықпен жұмыс қарымқатынастарда әкімшілік кедергілерді жою үлкен жұмыс жүзеге асырылады.

Шара барысында «Бір пара - екі қылмыскер» кітапшалар таратылып және осы жағымсыз құбылысқа қарсы күрес бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.